Өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен дәрігерлерді біріктіретін құтқару кешендері құрылып жатыр

Елде өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен медицина қызметкерлерін біріктіретін, әмбебап құтқару кешендері құрылып жатыр. Бұл бөлімшелер төтенше жағдай кезінде бірлесіп әрекет етіп, көмек көрсету уақытын айтарлықтай қысқартады. Қазір мұндай кешендер Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Жамбыл облыстарында жұмыс істеп тұр. Ал Шымкент пен Ақтөбеде жедел әрекет ететін арнайы әуежасақтары пайда болды. Төтенше жағдайлар вице-министрі: «Осындай бөлімшелер алдағы уақытта барлық өңірде құрылады», — деді.
———————————————