Атырау облысының Хамит Ерғалиев ауылында ақша жинайтын адам тұрады. Нүркен Мұхамбеталиев бала күннен төл теңгенің тарихын зерттеп, құнды жәдігерді сақтауға әуес. Нумизмат баспанасын музейге айналдырған. Бүгінде коллекционердің үйінде 50-ден аса елдің валютасы сақтаулы.
Кейіпкеріміздің мұражайын да көздің жауын алатын құнды дүние көп. Әр монетаның тарихы бар. Нумизмат әсіресе шетелдік купюраларды жинағанды жақсы көреді. Мәселен: «Ең алғаш Зибаба елінен әкелген доллар өте бағалы дейді», — коллекционер. Машақаты көп. Уақыт пен төзімді талап ететін жұмысқа зейнеткер бар жанымды саламын деп отыр.
Нумизматтың коллекциясында төл теңгеміздің де түр түрі бар. Алғашқы купюралар қаз қалпында тұр. Әр купюрада патшаның есімі, соғылған қаласы, тіпті жылына дейін жазылған. Қазір шамамен 50-ден аса елдің ақшасы сол қалпында сақталған. Нумизматтың жары да бос уақытта қолғабыс етеді екен.
МЕЙРАМГҮЛ НӘЖІМЕДЕНОВА, Н. МҰХАМБЕТАЛИЕВТІҢ ЖАРЫ:
— Бала кезден осы тиынды жинайды. Сол дәстүр әлі жалғасып жатыр. Ескі ақша, ескі заттар, бұрыннан келе жатқан жәдігерлер. Қазіргі жастар білсе, көрсе екен дейді, келген жастарға да айтып жатады.
Бұдан бөлек кейіпкеріміздің музейінде көне теледидар мен радиоқабылдағыш, тіпті ескі сағат пен музыкалық аспаптың бірнеше түрі бар. «Көненің көзіндей сақтаған әр құнды зат аса бағалы дейді», — коллекционер. Болашақта нумизмат әлем елдерінің көрмесіне төл теңгеміздің тарихын танытсам дейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.