Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Самара-Шымкент бағытындағы тас жолдың Белқопа ауылы маңында болған. DAF маркалы жүк көлігі мен ГАЗель жолаушылар көлігі соқтығысқан. Тергеу мәліметіне сәйкес, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Марқұм болғандар арасында 3 және 9 жастағы екі бала бар. Тағы 6 адам түрлі дене жарақатымен Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың бірі –16 жастағы бала. Көмекке облыс орталығынан 2 дәрігерлік бригада барған. Қаза тапқандар Ақтөбеге бара жатқан Жүргенов ауылының тұрғындары болып шықты.
АБАЙ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫ:
— Оқиға бойынша тергеп-тексеру басталды. ГАЗель автокөлігі Жүргенев ауылынан облыс орталығына ресми жолаушылар тасымалдаумен айналысқан. Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел тергеу тобы жұмыс атқаруда. Барлық мән жәй анықталуды.
АСХАТ ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
— Енді орны толмас жанымызға бататын ауыр қаза. Тума туыс жақындарға көңіл айтамыз. Тағы да айтайын, біз үшін өте ауыр қаза болды. Таңғы 8-ден кете осындай оқиға болғаннан кейін барлық тиісті орган оқиға басына келіп, өз жұмысын атқарып келеді. Біз тарапымыздан аурухана болсын, жан-жақты көмек ұйымдастырылуда. Барлық жағдай өз бақылауымда болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.