Ресеймен шекарадағы Ақтөбе – Мәртөк автожолының бір бөлігі іске қосылды. Ақтөбе облысында автомобиль жолының 34 шақырымы жөнделді. Енді жүргізушілер биылғы жаздағыдай бірнеше шақырымға созылған кептеліс болмайды деп үміттенеді. 13 жыл бұрын салынған бұл жолда алғаш рет орташа жөндеу жүргізіліп отыр. Оған жергілікті бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлінді. Жалпы, облыс бойынша ұзындығы 280 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазір оның 94 шақырымы қабылданды. Қалған бөлігін жыл соңына дейін аяқтау көзделген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.