Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық басылымы әзірленіп жатыр

Тарихымызды жаһанға кеңінен таныту үшін еліміздің экономикасы мен әлеуметтік-саяси жүйесі мықты болуы шарт. «Ал Қазақстанның табысты дамуына төл тарихымызға деген қызығушылықты арттыру арқылы жетеміз», — дейді сарапшылар. Бұл бағытта отандық ғалымдар жеті томдық академиялық басылым әзірлеп жатыр. Республика күніне орай өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда осындай ой айтылды. Жиынға жетекші ғалымдар, сарапшылар мен шетелдік мамандар қатысты.
ЕРКЕБҰЛАН ЖҰМАШОВ, МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ол Қазақстан тарихын жүйелеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Кеңес одағынан шыққан мемлекеттерге қарайтын болсақ, 7 томдық дайындаған мемлекет кемде-кем деп айтуға болады. Ресейден басқа мемлекеттерде бұндай дайындалған жоқ. Мұның өзі Қазақстан тарихын жүйелендіруге, іздеуге, зерттеуге көп мән беріп отырғанының көрінісі.
———————————————