Маңғыстауда оқушы қыздар төбелескен

Қыз балалардың төбелесі желіде тарады. Оқиға Маңғыстау облысында болған. Жасөспірімдердің бір-бірін аяусыз соққыға жығып жатқаны жұрттың жағасын ұстатты. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, оқиға ізімен арнайы комиссия құрылған. Бұл төбелес кешкі уақытта, сабақтан тыс кезде болған. Құзырлы орган өкілдері әкімшілік іс қозғап, кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары жауапқа тартылды.
———————————————