Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ЖОЛ ҚҰРБАНЫ
Ақтөбе облысында қайғылы оқиға. Екі көлік соғылып, 12 адам опат болды. Тағы бірнеше жолаушы зардап шеккен. Жол апатына не себеп?
САПА СЫР БЕРДІ
Алматыда жол опырылып, астаң-кестеңі шығып қалды. Дәл осы жолды қыруар қаржыға жөндеген мекеме аккредиттеу құқынан айырылды. Сапаны бақылаушы компания да қызметінен шеттетілді.
БАСПАНА ДАУЫ
Оралда жаңа үйлі боламыз деп жүрген 20-дан астам отбасы далада қалу қаупі бар. Баспананы салған құрылыс компаниясының рұқсат күші жойылды. Ал сот тұрғын үйді бұзуға пәрмен берді.
АҒАШТЫ ОТАДЫ
Өскеменнің қақ ортасындағы қалың ағашты қопарған кім? Аллеяны аяусыз отап жатқандарды тұрғындар бейнежазбаға түсіріп алған. Енді 20 жылдан бері қолдан қолға өткен жерді мемлекет қарауына алмақ.
НУМИЗМАТТЫҢ МҰРАСЫ
Әлемдегі елу елдің ақшасын өз үйінде сақтаған. Атыраулық нумизматтың өмір бойғы жиынтығын арнамыздың тілшісі паш етеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.