4 жасар бала көз жұмды: ата-ана дәрігерлерді жауапқа тартуды талап етеді

Түркістан облысында комада жатқан 4 жасар бала көз жұмды. Бүлдіршін бір апта бойы жансақтау бөлімінде болған. Ата-анасының айтуынша, ұлының жағдайы нашарлаған кезде дәрігерлер уақытылы көмек көрсетпей, алты сағат бойы қарамай қойған. Түнгі үш шамасында талмасы ұстап, жедел-жәрдеммен Арыс аудандық ауруханасына жеткізілген балақайды таңғы тоғызда ғана дәрігер қараған. Қазір олар істің толық тексеріліп, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Оқиға бойынша полиция іс қозғады.
ҰЛЖАЛҒАС ЖҮЗЕЙ, БАЛАНЫҢ АНАСЫ:
— Дәрілерді тағы жұмаға дейін беріп көрейік, өзгеріс болса аппарат көрсетеді деген. Бірақ балам оған жетпеді. Сол күні кезекшілікте болған дәрігерден сұрап жатырмыз: «Сен болдың ғой, неге келіп баланы қарамадың, 6 сағат қалай сен ұйықтайсың?» деп айтып жатырмыз ғой, үндемейді. Дер кезінде алғашқы көмек көрсеткенде балам қазір бұлай болмас еді. Осы іс толығымен қаралып, кінәлілер жазасын алса деймін.
———————————————