БҚО тұрғыны өрістегі малды қашықтан суаратын қондырғы ойлап тапты

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Саян Баетов жаңа қондырғы ойлап тапты. Өнертапқыш ұялы телефон арқылы өрістегі малын қашықтан суарып отыр. Шаруашылығы шалғайдағы Бөкей Ордасы ауданында. Облыс орталығынан 600 шақырым жерде. Оған ғаламтордың ғажайыбы арқылы қол жеткізген. Құдық басында орнатылған камера малдың келгені туралы белгі береді. Сол кезде ұялы телефон арқылы қондырғы іске қосылады да, суатқа су құйылады. Мал баққан шаруаның жұмысы осылайша 40 пайызға жеңілдепті. Қажетті энергия күн сәулесінен алынады.
САЯН БАЕТОВ, ШАРУА:
— Менің ойымша, 2-3 жылдың ішінде адамдар бәрін үйреніп алатын сияқты. Соның ішіне ЖИ де кіреді. Құдықтың басында камера бар. Мал келгенде белгі береді. Кірген-шыққанын көреміз. Бөтен сиырларды сұрыптап, кіргізбейтін бір тәсілін жасап қойдым. Енді оның бәрін санап алу керек.
———————————————