Шығыс Қазақстан облысында биыл 17 мыңнан астам экологиялық заңбұзушылық анықталды. Өскемен қаласында тұрғындар қоқыс контейнерлерінің маңын құрылыс қалдықтарына толтыруды тоқтатар емес. Бейнебақылау камералары арқылы ереже бұзушылар анықталып, 2,5 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылды. Дегенмен бұл да тұрғындарға тосқауыл болмай тұр. Себебі, қалада құрылыс қалдықтарын қабылдайтын және өңдейтін полигон жоқ. Өскемен халқының 57 пайызы ғана қоқыс шығару қызметімен келісімшарт жасаған. Ал қала бойынша тұрмыстық қалдық үшін берешек көлемі 230 миллион теңгеге жеткен.
ГҮЛІМ ҚАСЕМБАЕВА — ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыс бойынша 17 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды. Тұрғындар елдімекен мен қалаларда белгіленген абаттандыру ережелерін сақтамай, қоғамдық орындарды ластаған. Заңбұзушылықтарды жою мақсатында 330-дан астам тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныс жолданды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 300-ге жуық рұқсатсыз қоқыс төгілген орын анықталып, жойылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.