Бүгін Өскемен қаласының мектептері онлайн-форматқа ауысты. Қаланы қою түтін басып, ауада зиянды қалдық көбейген. Экологтардың айтуынша, оған ылғалдың молаюы, таңғы шық пен күннің күрт салқындауы себеп. Тұман кезінде ауаны ластайтын заттар тез тарамай, адам денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Айталық, көлік, пеш және өндіріс орындарынан шыққан түтін бір жерде тұтасып көп тұрады. Осыны ескерген мамандар бүгінгі сабақты онлайн жүйеге ауыстырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.