Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АУРУХАНАДА КӨЗ ЖҰМДЫ
Түркістан облысында 4 жасар бала ауруханада көз жұмды. Ата-анасының айтуынша, жағдайы нашарлаған балақайды кезекші дәрігер алты сағат бойы қарамай қойып, салдарынан комаға түскен.
АҚТӨБЕГЕ ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Ақтөбе облысындағы жол апатынан зардап шеккендер медициналық авиациямен Ақтөбеге жеткізіледі. Жағдайды зерттеп жатқан үкіметтік комиссия осындай шешім қабылдады.
ИПОТЕКАҒА РҰҚСАТ
Азаматтарға ипотека беру жалғасады. Ұлттық банк екінші деңгейлі қаржы институттарына жылдық 25%-бен ипотекалық несие беруге рұқсат етті.
МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ
Президент жарлығымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Мемлекет басшысы әр саланың үздік мамандарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
Әскерде ел қорғап жүрген қыз-келіншек аз емес. Аягөз горнизонында қызмет ететін Қаламқас Дәулетова ата-анасының жолын қуған. Енді оның артынан ерген інілері де болашағын армиямен байланстырмақ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.