Ақтөбе облысындағы жол апаты: екі науқас ес-түссіз жатыр

Ақтөбе облысындағы Самара – Шымкент тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандарды жерлеу рәсімі өтті. Айта кетейік, жүк көлігі мен жолаушылар мінген «Газель» бетпе-бет соқтығысып, 12 адам қаза тапқан еді. Арасында 3 және 9 жастағы бала бар. Бұдан бөлек, жарақаттанған 6 адам санавиациямен Ақтөбеге жеткізілді. Қазір 2 науқас, дәлірек айтқанда, 16 жастағы жасөспірім мен 51 жастағы ер адам ес-түссіз жатыр. Ал төртеуі политравма, урология және нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды.
ЖАНДОС ПОЛАТОВ, КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ТРАВМАТОЛОГ-ДӘРІГЕРІ:
— Реанимация бөліміндегі науқас 74-жылғы. Қазір жағдайы ауыр. Бас миының жарақаты және көптеген сынықпен келіп түсті. Қазіргі таңда толықтай емін алып жатыр.
———————————————