Ақтөбеде жүргізуші 8 жасар оқушыны қағып кетті

Мына бейнежазбадан жол өткелінен қыз баланың ақырын жүріп бара жатып, жүгіре жөнелген сәтін байқаймыз. Ақтөбеде қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік баланы қағып кетті. 8 жасар оқушының жарақаты ауыр. Балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. 20 жастағы такси жүргізушісі «Адам денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтірген жол қозғалысы ережесін бұзу» бабымен қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
САМАТ КӨКШІБАЕВ, БАЛАЛАР НЕЙРОХИРУРГІ:
— Барлық диагностика жасап, бала реанимацияға жатқызылды. Жағдайы өте ауыр. Бала ес-түзсіз. Кома-3. Балада бас ми жарақаты, кеуде жарақаты, іш жарақаты бар. Қазір толық ем алып жатыр. Бірақ ешқандай болжам айта алмаймыз.
———————————————