Екібастұзда ерекше балаларға арналған орталықта жаға ұстатарлық жағдай тіркелді. Мекеме маманы сабақ кезінде 5 жастағы бүлдіршіннің үстіне мініп, күштеп жаттығу жасатқан. Бұл аздай, баланың қолын қысып, шапалақпен ұрған. Қолы сынған балаға гипс салынды. Оқыс оқиғаға байланысты ата-анасы полицияға арыз түсірді. Орталықтағы бейнебақылау жазбасы сарапталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.