Алматы облысында 9 100 Sergek орнатылды

Алматы облысында 9 100 Sergek орнатылды. Интеллектуалды бейнежазу құрылғысы жылдамдықты асыру, жолақ сызығын кесіп өту сияқты ереже бұзылса тіркеп отырады. Жол-көлік оқиғасын барынша азайтуға бағытталған. Осы сергектің бақылауынан кейін соңғы жеті айда алты жарым мыңнан астам жол апаты тіркелген. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер өткен жылмен салыстырғанда 60 пайызға артқан. Жол қозғалысын онлайн бақылауға арналған камера шалғайдағы 32 ауылға да орнатылды.
АРНАТ СҮЛЕЙМЕНОВ, ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Күніне 100-ден астам құқық бұзушылық анықталады. Ол тек инспекторлармен және тағы автоматты түрде күніне мыңнан астам құқық бұзушылық анықталады. Камераларды орнату мақсаты айыппұл салу емес, бұл камераларды орнату мақсаты – апаттық жағдайларды азайту.

ДӘУЛЕТ САЛИТОВ, ЖҮРГІЗУШІ:
— Ол бір жағынан жүргізушілерге жақсы, бір жағынан кішкене қолайсыз болады. Штраф көбейеді. Бірақ өз ойым, камералар көп болғаны жақсы деп ойлаймын.
———————————————