СҚО-да сұйытылған газ талонмен беріліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған газ талонмен беріліп жатыр. Жанар-жағармай құю бекеттерін аралап жүрген жүргізушілермен теріскейдегі тілшіміз Самат Қайырденұлы кездесіп келді.
Қалтаға қолайлы деп көлігін газға ауыстырғандар қазір қалада көгілдір отын таппай қиналып жүр. Жанар-жағармай шаhардағы санаулы ғана станцияда бар. Ал бұл мәселенің туындағына екі аптаға жуықтаған.

СЕРГЕЙ, БУЛАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Аударма /Булаевта газ жоқ. Қалаға кіре берістегі бірнеше бекетке соқтым, ол жерден де таппадым. Енді бензин құйып алайын деп едім, әйтеуір мында бар екен.

Жанар-жағармай бекетінің көбінде қазір мынадай жазуды көресіз. Яғни газ тек талонмен беріледі.

САМАТ ШӘЙМЕРДЕНОВ, БЕСКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ-
— Көліктің объемы – 2,7. Бензинмен жүрміз. Енді не істейміз? Қалтаға ауыр тиеді. Оның өзінде міне заправканың басында тұрмыз ғой. Қазір қарасаңыздар 92 талон, 95 талон. Ол талонды қайдан аламыз десек, талон жоқ дейді.

Мұндай мәселе орақ науқаны кезінде жылда қайталанады. Яғни ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері астық кептіру үшін оны жаппай сатып алады. Бүгінде газ тасымалымен өңірде 19 компания айналысады. Облысқа орта есеппен айына 6000 тонна газ қажет. Ал қазанда тек оның -4100 тоннасы жеткізілген.

ҚУАНДЫҚ ШОҚЫБАЕВ, ТКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
— Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуге жабылды. Осы қазан айында өңірге деп сұратқан -2,5 мың тонна газ бөлінбей қалды. Оның үстіне ол элеваторларға да қажет. Жалпы былтыр осы кезде бізге қосымша мың тоннасы берілген еді. Ал биыл мұндай қолдау жоқ. Салдарынан осы мәселе туындап отыр.

«Жақын күндері аймаққа газдың кезекті партиясы жеткізіледі. Сол кезде жағдай тұрақталады», — дейді мамандар. Негізінен теріскейге көгілдір отын Павлодар, Ақтөбе және Атырау облысынан тасымалданады.
———————————————