Елде Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды

Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші инвестициялық орталық ретінде өз позициясын нығайтып келеді. Елде заманауи инфрақұрылым қарқынды дамып, мемлекеттік органдарды біріктіретін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. Бұл жүйе инвестициялық жобаларды тарту, іске асыру және бақылау процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай цифрлық қадамдар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырып, бизнес жүргізу ашықтығын қамтамасыз етеді.

БАУЫРЖАН ТҰРЛЫБЕКОВ, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Boston Consulting Group компанияның болжауы бойынша, алдымыздағы 5-6 жылда Орта Азияға 300 млрд доллар тартылады екен. Оның 170 млрды Қазақстанға тиесілі. Қазір де Орталық Азиядағы инвестицияның көлемінің 70 пайызы Қазақстанға тиесілі.
———————————————