Ұлттық ұлан сарбазы Айдын Рахымов өз мультфильмін жасады

Бүгін – Халықаралық анимация күні. Дәл осы күні, 1892 жылдың 28 қазанында, Парижде суретші Эмиль Рейно «праксиноскоп» деп аталатын қозғалыстағы суретті көрсететін аппаратын жұртшылыққа таныстырды. Осы сәттен бастап мультфильмдер дәуірі басталды. Қазір анимацияны бәрі жақсы көреді, кіші де, ересек те, тіпті сарбаздар да. Мәселен, әскери бөлімнің сарбазы Айдын Рахымов мультфильмдерді тек көріп қана қоймай, жасанды интеллект көмегімен өзі жасайды. Ол жуырда «АЛЖИР» музейіне барған сарбаздар туралы алғашқы мультфильмін ұсынды. Туынды көрерменнің ықыласына бөленді. Сарбаздың айтуынша, анимация хобби ғана емес, ол патриоттық сезім мен рухани құндылықты дәріптейтін өнер. Қаруластары кейіпкерлерді дыбыстауға, идея беріп атсалысса, командирлері мұндай шығармашылық бастама әскери рухты көтеретінін айтады.
АЙДЫН РАХЫМОВ, МУЛЬТИПЛИКАТОР, 5573 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ САРБАЗЫ:
— Анимациямен айналысу – менің хоббиім. Оны әскери өміріммен байланыстырғым келді. Неше түрлі қызықты сәттерді анимациялық жобаға айналдырғым келді.

ДАРХАН ҚАЛИБАЕВ, ҚҰРМЕТ ҚАРАУЫЛ РОТАСЫНЫҢ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Өздерінің арнайы бөлмесі бар, барлық заттармен жабдықталған. Сол жерге барып сарбаздарды оқытып, үйретіп, болашақта әртүрлі видео жасауды ойластырып жүреді. Ол жағынан әскери бөлім қолбасшылығы үлкен көмектесуде.
———————————————