Жамбыл облысының Ақыртөбе ауылында 70 жастағы Әбдімұтал Халматов үйінің ауласын нағыз цитрус бағынa айналдырды. Зейнетке шыққанына жеті жыл болған ақсақал қол қусырып отырмай, жылыжай салып, бақша ағаштарын өсірумен айналысады. Алғашында тәжірибе ретінде Ташкенттен бірнеше лимон көшетін әкеліп отырғызған. Нәтижесі ойдағыдай болған соң, ағаш санын 12-ге дейін көбейтті. Осылайша былтыр- 750 келі лимон мен 20 келі анар жинаған. Биыл 43 ағаштан екі тоннаға дейін өнім алмақ. Жыл соңына қарай бақта банан мен апельсин де піседі. Баққа күтім жасауға бірнеше жұмысшы көмектеседі. Сонымен қатар ақсақал мал шаруашылығымен де айналысады. 70 жылқы мен елуге жуық қоян ұстайды.
ӘБДІМҰТАЛ ХАЛМАТОВ, АҚЫРТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
– Интернеттен қарасам, кесіп бұтағынан көбейтуге болады екен. Сөйтіп ектім, сонымен 12 түп болды. Кейін көбейтіп, көгертіп, қазір 40 түп лимон ағашы бар. Өзім өсіремін, өзім жинаймын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.