Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ТАКСИ ҚАҚТЫ
Ақтөбеде такси жүргізушісі жаяу жүргіншілер өтпесінде кетіп бара жатқан 8 жастағы оқушыны қағып кетті. Бала ауруханаға жеткізілді, жағдайы ауыр.
ПИРАМИДА КҮЙРЕДІ
Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты. Тергеу кезінде 374 млн теңге, 12 келі алтын және қымбат мүлік тәркіленді. 4 мыңнан астам салымшы зардап шеккен.
АВТОГАЗ АЗАЙДЫ МА?
Солтүстік Қазақстан облысында сұйытылған автогаз тапшылығы сезіле бастады. Жанар-жағармай бекетінде талонмен беріліп жатыр. Жауапты мамандар бұл уақытша құбылыс деп сендірді.
ЦИФРЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА
Қуат көзінің тиімділігін арттыру ісіне жасанды интеллект тартылады. Осылайша бірыңғай энергетикалық жүйені қалыптастыру жеңілдетілмек. Бүгін Үкіметте жобаны жүзеге асыру жолы талқыланды
ӘСКЕРИ АНИМАЦИЯ
Әскердегі ерекше бастама. Ұлттық ұлан сарбазы әскери тәжірибесін анимацияға айналдырып, екі түрлі әлемді бір мультфильмде тоғыстырды. Туынды халықаралық анимация күні қарсаңында паш етілді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.