Құлсарыда 10 жастағы баланы түйе таптады

Атырау облысы Құлсары қаласында түйе таптаған жеткіншектің басы мен өкпесі жарақаттанған. Оқиға орталық көшеде тапа тал түсте болған. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбада тұсаулы түйе үркіп, жол бойымен келе жатқан жеткіншекке шапқан. Ойсылқараның еніне қарап, Маңғыстау облысында тіркелгені белгілі болды. Жануардың иесі іздестіріліп жатыр.
БАҚТЫБАЙ НҰРЖАНОВ, ЖЫЛЫОЙ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Түйе қазір арнайы орынға қойылды. Ол біздің қадағалауымызда он төрт күнге дейін болады. Бірінші құтыру ауруы бар ма соны анықтаймыз. Мінезінде болған барлық өзгеше жағдайды бақылап, қағазға түсіріп отырмыз.
———————————————