Түркістан облысында тоғыз мыңға жуық тұтынушы газсыз қалды. «Мақтаарал» газ реттеу станциясынан Мырзакент кентіне дейінгі жоғары қысымды құбырда апат болған. Қауіпсіздік мақсатында газ беру тоқтатылып, Мырзакент ауылы мен оған қарасты 32 елді мекен уақытша газсыз қалды. Оның ішінде әлеуметтік және өндірістік нысан да бар. Апатты жоюға арнайы бригада жұмылдырылып, дәнекерлеу және герметизациялау жүргізілді. Компания өкілдері толық тексергеннен кейін газды кезең-кезеңімен қайта қосатынын хабарлады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.