Ақтөбе облысындағы жол апатынан зардап шеккен бір адам Астанаға жеткізілді

Ақтөбе облысында 12 жолаушы қаза тапқан жол апатынан кейін, Темірбек Жүргенов ауылынан Ақтөбеге қатынайтын бағыттағы жолаушылар тасымалы- уақытша тоқтатылды. Енді тұрғындар- облыс орталығына, жеке көлікпен, таксимен қатынап жүр. Айта кетейік, қайғылы оқиғадан тірі қалған алты адамның төртеуі — қазір жансақтау бөлімінен, палатаға ауыстырылды. Ал екеуінің жағдайы ауыр. 16 жастағы жасөспірім мен 51 жастағы адам ес-түссіз жатыр. Оның біреуі бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің “Қаз авиа құтқару” ұшағымен, Астанаға жеткізілді. Аймақ тұрғындары- апаттан кейін, жолдың нашар жағдайына назар аударуды сұрап отыр. Аталған трассадағы күрделі жөндеу жұмыстары- 2028-ші жылға дейін жалғасады.
ДӘУЛЕТИЯР ТОҒЫЗБАЕВ — ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
— Бұл жолға бұрыннан реконструкция қажет еді. Қазір жоба іске қосылған. Ақтөбеден Хромтауға дейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Белқопа мен Қарабұтақ арқылы Үлғайсын ауылына дейінгі бөлігіне мердігер анықталып жатыр. Жобаның тапсырыс берушісі — Көлік министрлігі мен «Қазавтожол» мекемесі.
———————————————