Алатау қаласында 5G желісінің алғашқы базалық станциясы іске қосылды. Бұл туралы жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің телекоммуникациялар комитеті хабарлады. Әзірге 5G технологиясының мүмкіндіктерін Алатау ситидің әкімшілік орталығы Жетіген шағын ауданының тұрғындары қолдана алады. 2025–2027 жылдарға арналған Алатау ситиді сапалы мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі жол картасына сәйкес, болашақта 5G желісі бүкіл қала аумағын қамтиды. Қазір Алматы облысындағы 1700-дей тұрғыны бар 21 ауылда мобилді байланыс жоқ.
ЖАНДОС АҚЫЛ, ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Бұл өңірдің дамуына, яғни телекоммуникациялық құрылымның дамуына және тұрғындардың жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге кепілдік береді. Біз биыл 7 ауылға интернет қосамыз. Ал жалпы 2027 жылдың соңына дейін облыста интернет немесе байланысы жоқ ауыл болмайды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.