Елімізде алғаш рет Кәсіпкерлер күні аталып өтті

Бүгін елімізде алғаш рет Кәсіпкерлер күні аталып өтті. Мерекенің бүгінгі датаға белгіленуі 2015 жылы осы күні Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданғанымен байланысты. Қазір елімізде 2 миллион 300 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олар ел экономикасының үштен бірін қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірлердің әлеуметтік дамуына серпін беріп келеді. Біздің елде бизнеспен айналысу оңай ма? Елорда тұрғындарынан сұрадық.
———————————————