Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ТҮЙЕ ТАПТАДЫ
Атырау облысы Құлсары қаласында 10 жастағы баланы түйе таптаған. Жеткіншектің басы мен өкпесі зақымданды. Полиция жануардың иесін іздеп жатыр.
ГАЗСЫЗ ҚАЛДЫ
Түркістан облысындағы 33 ауыл көгілдір отынсыз қалды. Жер астындағы газ құбырынан ақау шыққан. Ол қашан жөнделеді?
ЖАРҚАБАҚТАН ҚОРҚАДЫ
Петропавлда Есіл бойындағы жарқабақ опырылып жатыр. Өзенді жағалай қоныстанған тұрғындар үйіміз құлай ма деп алаңдаулы.
БАҚ БҮЛІНДІ
Алматыда жайқалып тұрған 16 ағаш оталды. Белгісіз біреулер жасыл желекті арамен кесіп тастаған. Тергеу басталды.
КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ
Бүгін кәсіпкерлер күні. Мереке биыл алғаш рет аталып өтіп жатыр. Бүгінде елімізде 2 миллионнан астам бизнес субъектісі жұмыс істеп тұр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.