Атырау көшелерінде егеуқұйрық өріп жүр

Атырауда егеуқұйрық қаптады. Кеміргіш кәріз құбырлары арқылы көпқабатты тұрғын үйлерге дейін кіре бастаған. Пәтер ішінде, кеміргіштердің бес-алтауы емін еркін жүр. Үрейленген тұрғындар бірден дабыл қағып, биліктен көмек сұрап отыр. Жалпы, жыл басынан бері санэпедимиология департаментіне оннан аса шағым түскен. Қазір эпидемиологтар қаладағы барлық көпқабатты тұрғын үйге дезинфекциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
АЙГҮЛ ЫСҚАҚОВА, СЭБД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл кеміргіштер әртүрлі ауру таратуы мүмкін. Оның ішінде оба, истериоз секілді жұқпалы аурулардың түрі көп. Ішек аурулары да тарауы мүмкін. Тұрғындар тарапынан және коммуналдық шаруалық тарапынан шаралар атқарылуы керек. Тұрғындар дәлізге қоқыс тастамауы керек.
———————————————