Түркістанда фаст-фудтан тағы 14 адам уланды

Түркістанда тез әзірленетін тағамды жеткізумен айналысқан кәсіп иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Биыл наурыз да «Yammi maki» фаст-фуд орталығынан суши, пицца және тауық тағамына тапсырыс берген 68 адам уланып, көпшілігі ауруханаға түскен еді. Сол кезде мекеме жабылғанымен, иелері қызметін жасырын жалғастырып келген. Енді тағы 14 адам уланды. Осы оқиғадан кейін полиция қылмыстық кодекстің «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабымен іс қозғады. Бұл бап бойынша кінәлілер екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.
———————————————