Қарағандыдағы «Алаш» бағына шамамен 3,7 миллиард теңге жұмсалған. Бұл сан қала тұрғындарының жағасын ұстатты. Ұзындығы бір жарым шақырым болатын демалыс аймағында тас төселіп, жарық шам, орындық, спорт және балалар алаңы, ашық аспан астындағы кітапхана мен ұлттық нақыштағы элементтер орнатылған. Белсенділер: «Алаңдағы кейбір сәнді көрнекіліктің құны негізсіз жоғары», — дейді. «Мұндай қомақты қаржыны кәріз жүйесін қалпына келтіруге жұмсауға болар еді», дейді тұрғындар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.