Ақтөбеде көлік айдаған оқушы жол апатына ұшырап, қайтыс болды

Ақтөбеде әкесінің көлігін айдап кеткен оқушы жол апатына ұшырап, қайтыс болды. Оқиға «Бауырластар» ауданында болған. 13 жастағы жасөспірім көліктің кілтін рұқсатсыз алып, айдап кеткен. Бірақ рөлге ие бола алмай, жолдың шетінде аударылған. Полицияның мәліметінше, бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенімен, ес жимастан көз жұмды. Бұл – осы ауданда болған екінші қайғылы оқиға. Қыркүйекте де әкесінің көлігін мінген 16 жастағы жасөспірім апатқа түсіп, қаза тапқан.
АРДАНА САЙМАҒАМБЕТОВ, ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Полиция ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларға көлік құралдарын басқаруға жол бермеуге шақырады. Мұндай немқұрайлық қайғылы жағдайларға алып келеді. Балалардың қауіпсіздігі, ең алдымен, ата аналардың тікелей жауапкершілігінде екенін еске саламыз.
———————————————