Кісі қолынан қаза тапқан Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметке сәйкес, танысымен сөзге келіп төбелескен. Күдікті ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ержан Бабақұмаров әр жылдары Президент кеңесшісі, Мәдениет және ақпарат вице-министрі, сондай-ақ Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
ҒАЛЫМЖАН ҚОЙГЕЛДИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл туралы бүгін ғана білдім. Бір ғана нәрсе айта аламын. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Нәтижесін күтейік.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.