Қазақстандықтар жуырда көлікті лизингпен рәсімдей алады

Қазақстанда автолизинг жүйесін енгізу жоспарланып жатыр. Қазір Сауда және интеграция министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірлеуге кірісті. Жаңа жүйе бойынша азаматтар көлікті ұзақ мерзімге жалға алып, ай сайын төлем жасап отырады. Мерзім аяқталған соң, оны толық меншігіне өткізе алады. Сарапшылардың айтуынша, ай сайынғы төлем мөлшері мен бастапқы жарнасы автонесиеге қарағанда біршама төмен болуы мүмкін. Дегенмен бағдарламаның нақты шарттары әзірге жарияланған жоқ. Мамандар жаңа жүйенің енгізілуі көлік бағасына әсер етпейді деп отыр. Сондай-ақ жаңа көліктерге деген қызығушылық та бәсеңдемейді деген болжам бар. Осы бастаманың басы-қасында жүрген сенатор Олжас Құспектовтың айтуынша лизингтік бағдарлама еліміздің автонарығы үшін маңызды қадам болмақ.
ОЛЖАС КҰСПЕКОВ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:
— Пайыздық үлесі, бастапқы жарнасы – барлығы талқыланады. Менің білуімше, мемлекеттік мекемелер автокредиттің шамасындағы пайыздарды қарастырып жатыр. Біздің тарапымыздан одан төмен болуы керек деген талаптар тағы айтылады. Азаматтардың 70 пайызының автокөліктері ескірген. Одан құтылу керек. Халық ескі көлікпен жүр. Өйткені нарықта автокредитң бағасы шарықтап тұр.
———————————————