Елімізде ауа ластануынан болатын өлім-жітім көбейіп барады

Елімізде ауа ластануынан болатын өлім-жітім көбейіп барады. Бүгін Сенатта бұл мәселе тағы көтерілді. Депутаттар Премьер-Министрдің атына сауал жолдап, экология саласында жүйелі шешімдер қабылдау керектігін айтты. Өңірлерде зауыт пен өндіріс орындарының тым көп шоғырлануы тұрғындардың денсаулығына кері әсер етеді. Соңғы жылдары тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және тіпті онкологиялық ауру көбейген. Сенаторлар Үкіметке бірқатар нақты ұсыныс та жасады. Мәселен, ауадағы зиянды заттар мөлшері шектен асқан жағдайда мектептер мен жоғары оқу орындарында қашықтан оқу жүйесін енгізуді ұсынды. Сондай-ақ экологиялық тексерістерді жүргізу керек деп есептейді.
ОЛЬГА БУЛАВКИНА, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:
— Кәсіпорын мен өндіріс орындарына жоспардан тыс тексеріс жүргізу қиынға соғады.Тіпті зиянды заттың шектен асқанын анықтаған жағдайда да, кәсіпорын тексерушілерді тек актіні рәсімдегеннен кейін ғана кіргізеді. Бұдан уақыт өткізіп аламыз.
———————————————