Шығысқазақстандықтардың жеке үйіндегі пеш адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Құтқарушылар осындай қорытынды жасады. Олар аула аралап, жылыту жүйелерін пайдаланудың ережелерін тексерді. Сөйтіп, 11 мыңнан аса тәртіп бұзылғанын анықтаған. Яғни мұржасы бұзылған, пеш алдында қорғаныс тақтайша қойылмаған, тіпті қарапайым желдеткіш те болмаған. Мұндай ақау өрт немесе улы газдың таралуына себеп. Соңғы үш жылда облыс тұрғындарының үйлеріне 17 мыңнан астам дабыл қаққыш орнатқан.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.