IQANAT олимпиадасының алғашқы кезеңі басталды

Елімізде IQANAT олимпиадасының алғашқы кезеңі басталды. Жоба ауылдағы талантты оқушыларды қолдауға арналған. Егер сынақтан сүрінбей өтсе, Бурабайдағы IQANAT High School мектебінде білім алуға мүмкіндік беріледі. Тестілеу қалай өтіп жатыр? Грантқа кім үміткер бола алады?
Каникулға қарамастан ата-ана да, бала да мектепке асықты. Қорғалжын ауданының барлық 8-сынып оқушылары Жәнтеке ауылындағы мектепте жиналды. Себебі – IQANAT мектебіне іріктеудің алғашқы кезеңі, Олимпиада басталды.
Шара барысында ауыл баласы үшін бұл ерекше мүмкіндік екені айтылды. Өйткені жоба тек шалғайдағы ауыл оқушыларына арналған. Әр баланың артында 240 демеушінің сенімі тұр. Солардың бірі Қорғалжын ауданынан демеуші Мәди Әбенов. Ол бұған дейін бір балаға грант берсе, бүгін тағы бір оқушыны қолдады.

НМӘДИ ӘБЕНОВ, ДЕМЕУШІ:
— Бұл мектепке алғаш келгенде, қаражаттың тиімді жұмсалып, балалардың білім деңгейі жоғары екенін көрдім. Кезінде маған да ағаларым көмектескен, енді менің де борышым жастарға жол ашу деп білемін. Өткен жылы біздің компания 1 балаға грант берген бүгін менің әкем осы Қорғалжын мектебінде мұғалім болған сол кісінің атынан тағы 1 балаға грант беруді шештім.

Балалар 80 минутқа созылған емтиханға кірді. Соның бірі – Қараегін ауылынын тұрғыны Нұрайлым Сейілхан.

НҰРАЙЛЫМ СЕЙІЛХАН, ОҚУШЫ:
— IQANAT мектебі маған өзіме бұрыннан ұнайды, мен оған түсуді армандаймын.

Осындай мүмкіндікті кезінде Алматы облысының Қарасай ауданынан келген Дияс та пайдаланған. Үш жыл бойы IQANAT High School мектебінде оқып жүрген ол бүгінде болашағына нық сенеді.
———————————————