Қазақстан Қарулы күштерінің тарихындағы ең бойшаң сарбаз Ақтаудағы теңіз жаяу әскерлерінде қызмет етіп жатыр. Биыл күзде әскерге шақырылған Әлішер Назымбектің бойы – 2,09 сантиметр. Ақмолалық жігіт Маңғыстау облысындағы теңіз жаяу әскерлері бригадасында жас сарбаздар курсынан өтіп жатыр.
 20 жастағы Әлішер Назымбек Ақмола облысының Жарқайың ауданында туған. Әскерге дейін ол Көкшетау жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әлішер бойшаң болғандықтан мектеп партасында отырудың өзі ыңғайсыз болғанын айтады. Жастайынан спортпен белсенді айналысқан ол теңіз жаяу әскеріне өз еркімен келген.
СНХ: ӘЛІШЕР НАЗЫМБЕК, САРБАЗ:
 — Мұндай боймен қиындықтар болады. Киім және аяқ киім өлшемі сай келмейді. Арнайы тапсырыспен таппаған киімдерімді тіктірем. Әскерге дейін мен мектепте де, колледжде де ең ұзыны болатынмын. Маған осы ұзын бойлы болған кезде ыңғайсыз болған. Қазір бірақ үйреніп кеттім.
 Әлішердің бойшаңдығы нағашы атасынан дарыған. Әлішер – отбасындағы алты баланың тұңғышы әрі ең ұзыны. Қарындастарының да бойы 180 сантиметрден жоғары. Жас сарбаздың аяқ киім өлшемі – 49, оған әскердегі қоймадан шақ келетін аяқ киім де табылған. Ал киімін арнайы тапсырыспен тігуге тура келіпті. Әскери бөлімде ол үшін барлық жағдай жасалып, үлкен кереуетті де дайындап берген.
 ———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.