Мистикалық оқиғалар, ежелгі аңыздар және нағыз әсерлі атмосфера. Freedom Media онлайн-кинотеатрында көптен күткен «Қазақтың қорқынышты ертегілері» атты жаңа сериалдың премьерасы өтті. Бұл – режиссер Әділхан Ержановтың кезекті туындысы. Айта кетейік, ол экранға шықпай тұрып-ақ Канада және Франция секілді елде өткен түрлі халықаралық фестивальде көрсетіліп, жұртшылық тарапынан жоғары бағаланған еді. Көзі қырағы көрерменді шындық пен мистика тоғысқан он түрлі оқиға күтіп тұр.
ҚУАНТАЙ ӘБДІМӘДИ, АКТЕР:
— Көрерменге қызық болады деп ойлаймын, сенемін. Бұл сериалда жанр, стиль жағы – бәрі орынды деп айта аламын. Өйткен бұл жанрлық сериал. Қазақстанда әлі бола қоймаған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.