Түркістанда фаст-фудтан тағы 14 адам уланды | 30.10.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЕГЕУҚҰЙРЫҚ ҚАПТАДЫ
Атырау көшелерінде егеуқұйрық өріп жүр. Кеміргіштер алдымен жертөлеге кірген, кейін кіреберіске көшкен. Енді үйге ене бастапты.

АСТАН ҰШЫНДЫ
Түркістан облысындағы мейрамхананың бірінде 14 адам астан ұшынды. Олар суши жеген. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды.

БАҒАЛЫ БАҚ
Қарағанды қаласындағы Алаш бағының бәсі биік болып тұр. Тұрғындар абаттандыру жұмысына 3,7 млрд теңге жұмсалғанына сенбейді. Тексеруді талап етті.

КӨЛІК АЛУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ
Қазақстанда автокөлікті лизингке алу жолы қарастырылып жатыр. Министрлік бұл бастаманы қоғам болып талқылауға шығарды.

ЕҢ БОЙШАҢ САРБАЗ
Қазақстан Қарулы күштеріндегі ең бойшаң сарбазбен сұхбат. Бойы 2 метр 9 см-ге жететін әскериді көрсетеміз.
———————————————