41 жастағы ер адам анасын пышақтап, мәйітін қоқысқа тастаған

Алматыда жан түршіктіретін оқиға болды. 41 жастағы ер адам туған анасын үйінде пышақтап өлтірді. Артынша мәйітін кілемге орап, қоқысқа тастаған. Қанды оқиға таңға жуық «Алмагүл» ауданында болған. Қазір күдікті қамауда. Полиция өкілдерінің айтуынша, ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. 72 жастағы қарияның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Пәтердің есігі мөрленген.
———————————————