Шәуілдірдегі газ жарылысы: тұрғындар жатақханаға орналастырылды

Түркістан облысындағы газ жарылысынан үйлері күл-талқаны шыққан тұрғындарды жатақханаға орналастырды. Ал көгілдір отынды қоспақ болған әйел жансақтау бөліміне жеткізілді. Оқиға Отырар ауданына қарасты Шәуілдір ауылындағы көпқабатты үйде болған. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Мамандар алдын ала мәлімет бойынша жарылыстың себебі газ жүйесіне өз бетінше қосылу деп болжап отыр. Табиғи газ екінші қабаттан шыққан. Оқиға салдарынан үш пәтердің қабырғалары қирап, терезе маңында өрт шықты. Төтенше жағдай қызметкерлері өртті толық сөндірді.
ЖАСҰЛАН БАҚЫТЖАНҰЛЫ, АУДАНДЫҚ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— 21:30 шамасында Отырар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жедел медициналық жәрдем көмегімен 1990 жылы туылған азаматша жеткізілді. Жағдайының ауырлығына байланысты жедел тұрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Медавиация желісі арқылы облыстық клиникалық ауруханасынан тиісті мамандар шақыртылып, еміне коррекция жасалды. Қазіргі таңда Қазіргі таңда емі емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілуде.
———————————————