Атырауда колледж студенттері жаппай төбелесіп, бірнешеуі әртүрлі дене жарақатын алған. Бұзақылыққа барған жастардың барлығы да қаладағы агроколледжідің студенттері екен. Топтасып жұдырықтасқан жігіттер бір-бірін таяқтап, тіпті бөтелкемен ұрған. Екі жеткіншектің денесіне зақым келген. Олар дәрігер бақылауында. Әзірге ұлдардың не үшін төбелеске барғаны белгісіз. Полиция мән-жайды анықтап жатыр. Қазір 4 жасөспірім бөлімше жеткізіліп, ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылды.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Олардың кәмелетке толмауына байланысты заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынады. Қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сондай-ақ құқық бұзушылыққа жол берген жасөспірімдер ішкі істер органдарының есебіне алынып, оларға қатысты іс-құжаттар кәмелкетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға ұсынылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.