Қазақстанда ChatGPT негізіндегі білім беру құралдарын енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл туралы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты стратегиялық серіктестер форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Форум аясында әлемнің жетекші университеттері мен жоғары оқу орындарының басшылары кездесу өткізіп, пікір алмасты. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның басты мақсаты – жаһандық білім нарығының бір бөлігіне айналу. Осы бағытта әлемнің 40 жетекші жоғары оқу орнымен серіктестік орнатылып, 33 шетелдік университет филиалы ашылған. Маңыздысы — олардың көбінде сабақ ағылшын, орыс және қытай тілінде өтеді. Бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетелдік студент білім алады. Президент 2029 жылға дейін олардың санын 100 мыңға жеткізуді тапсырды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.