Климаттың өзгеруі мен құрғақшылықтың жиіленуі еліміздің бірқатар өңірлеріне кері әсерін тигізіп отыр. Әсіресе Қызылорда облысында соңғы жылдары жауын-шашын азайып, Сырдария өзенінің төменгі ағысы тартылғаны байқалады. Салдарынан шаруалар мен диқандар үшін судың жетіспеушілігі күрделі мәселеге айналған. Бұған экологтар да алаңдаулы. Астанада өткен халықаралық конференцияда мамандар топырақ құнарлылығы мен биоалауантүрлікті сақтау бойынша күш біріктіріп, ортақ жол картасын әзірлеу жөнінде келісті. Ал шетелдік сарапшылар қыс-көктем айларында жауын-шашынды тиімді пайдалануды ұсынды. Айтуларынша, мұндай шаралар құрғақшылық салдарын азайтып, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.