Оралда Жайық өзені жағалауы тынымбағы толық абаттандырылды. Оған қазынадан 1,3 миллиард теңге жұмсалған. Барлығы 2,7 гектар аумақ жаңартылды. Тынымбақ орналасқан жер бұрынғы деңгейінен екі метрге көтерілген. Бұған дейін бұл аумақ көктемгі тасқын кезінде бірнеше рет су астында қалған болатын. Оралдықтар мен қала қонақтары жиі келетін бұл жерде демалыс аймақтары жабдықталған. Терек көшеттері отырғызылып, су бұрқақтары, воркаут және балалар ойын алаңдары да бар. Келісімшартқа сәйкес жобаны жүзеге асырушы компания тынымбаққа бес жылға кепілдік берген. Осы жердегі сегіз бейне бақылау камералары полиция департаментіндегі орталық бақылау жүйесіне қосылмақ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.