3 қарашадан бастап «Наурыз» және «Наурыз Жұмыскер» ипотекалық бағдарламаларына қосымша өтінім қабылданады. Оған барлық азамат өтінім бере алады. Тек кейінгі бес жыл ішінде өтінім беруші мен оның отбасы мүшелерінің меншігінде тұрғын үй болмауы керек. Ипотека шарттары мынадай: Бастапқы жарна – кемі 10 пайыз. Ал несие сомасы өңірлерге 30 миллион, Астана мен Алматыдағы пәтер үшін 36 миллион теңгеге дейін беріледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.