Қазақстан тұрғындарының өмір сүруі ұзарғанына Ұлттық статистика бюросының дерегі дәлел. Соңғы жылдары егде жастағы азаматтың үлесі 1,6 пайызға артқан. Қарт кісінің көпшілігі тек қана Оңтүстікте емес, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облысында тұрады. Қазір елімізде екі жарым миллионнан астам зейнеткер бар. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш – өмір сүру сапасының жақсарғанының белгісі. Ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты аналарға қандай күтім керек? Бұқараның пікірін білейік.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.