«Энергетика саласы қателікті кешірмейді»: Екібастұздық маманның өмірлік ұстанымы

Энергетика саласы қателікті кешірмейді. Бұл – білікті маман Рамиль Нұрғазиновтің пікірі. Өзі 20 жылдан астам уақыт осы салада табан аудармай еңбек етіп келеді. Қазір ол жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, тәжірбиесімен бөлісіп жүр.
Екібастұздағы екінші мемлекеттік аймақтың электр станциясы – еліміздегі ең ірі электр орталығының бірі. Рамиль Нұрғазинов мұнда 20 жылдан атсам уақыт табан аудармай еңбек етіп келеді. Қазір өндірісті дайындау цехын басқарады.

РАМИЛЬ НҰРҒАЗИНОВ, МАЭС-2 ЦЕХЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Жұмыс оңай емес. Өз қиыншылықтары бар. Әрі біздің сала қателікті кешірмейді. Сондықтан асқан жауапкершілік керек. Жалпы уақыт өткен сайын электр энергиясына сұраныс артуда. Зауыттар салынып жатыр. Ал салада маман жетіспейді.

Кейіпкеріміз қарапайым жұмысшыдан бастап, инженерге дейін көтерілген. Әркез кәсіби біліктілігін арттырып тұрады. Бүгінде ол жастарға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен де бөлісіп жүр.

РАМИЛЬ НҰРҒАЗИНОВ, МАЭС-2 ӨНДІРІСТІ ДАЙЫНДАУ ЦЕХЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Энергетика – өте қызықты сала. Өйткені отын мен судан электр қуатын өндіреміз. Мен жастарға осы саланы үйренуге, зерттеуге кеңес беремін. Қазір елімізде неше түрлі үйлер, кәсіпорындар, нысандар салынып жатыр. Ал олардың барлығына электр қуаты керек.

Рамиль Нұрғазинов – өз ісіне адал маман. Қажырлы еңбегінің нәтижесінде өңір тұрғындарына жарық пен жылу сыйлап жүр. «Осындай абыройлы кәсіпті таңдағаныма еш өкінбеймін», — дейді еңбеқор азамат.
———————————————