Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АНАСЫН ӨЛТІРДІ
Ер адам анасын өлтіріп, мәйітін кілемге орап, көшедегі қоқысқа тастаған. Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалды
ГАЗ АПАТЫ
Түркістанда үш қабатты үйде газ жарылды. Зардап шеккен әйел жансақтау бөліміне жеткізілді. Жарылысқа не себеп?
ЖАСӨСПІРІМ ЖАНЖАЛЫ
Атырауда жасөспірімдер бір-бірін таяқтап, бөтелкемен ұрған. Енді кәмелетке толмаған балалар үшін ата-аналары қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
ҰЗАҚ ӨМІРДІҢ ҚҰПИЯСЫ
Ұзақ жасаудың құпиясы. Алматы облысының Райымбек ауданында ғасыр жасаған тұрғындар әлі күнге дейін су тасып, отын жарып жүр.
ЭНЕРГИЯҒА АРНАЛҒАН ЕҢБЕК
Энергияға айналған еңбек. Еліміздегі ең ірі жылу электр станциясында 20 жыл жұмыс істеген Рамиль Нұрғазиновтің еңбегі елге жарық пен жылу беріп отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.