Ақтөбе облысында 13 жастағы оқушы сыныптастарынан таяқ жеп, ауруханаға түсті. Төбелес мектептің футбол алаңында болған. Қатарластары жабылып тепкінің астына алған бала жарақаттанып, гематома пайда болған. «Ауруханада түн ішінде жедел операция жасалды», — дейді баланың анасы. Ауруханада жатқан оқушы балалар мазақ қылуы мүмкін деп осы жағдайдан кейін мектепке бармайтынын айтқан. Анасы полиция мен білім бөліміне арыз жазған. Полиция дерегінше, жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапқа тартылған. Әрі оқиға кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның қарауына жіберілген.
ГАУҺАР МҰҚАНОВА, ЗАРДАП ШЕККЕН БАЛАНЫҢ АНАСЫ:
— Кеңқияқ полиция бөлімшесіне барып арыз жазылды. Мектеп әкімшілігіне де арыз жазылды. Бірақ өзіме ешқандай хабар берілген жоқ. Енді осы тараптан ол мектепте ешқандай жұмыс істелмейді. Мектеп әкімшілігі камерадан анық көрінбейді деп айтып отыр. Сол жерде отырған мектептің кезекшілері ешқандай жауапкершілікке тартылмай отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.